виды разбора

виды разбора


Общая информация


Ф.И.О. автора (ов) идеи маршрута:
Кайдаулова Галия Муртазиновна

Место работы:
ГУ "Школа-лицей №2 отдела образования акимата города Костаная" учитель казахского языка и литературы

Email:
galiya.kostanay@mail.ru

Класс:
8

Предмет:
Казахский язык

Тип ММ:
методический прием


Раздел 1. О методическом маршруте


1.1 Общая информация о методическом маршруте:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді: 1. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай - өзін-өзі дамыту. 2. Қолдану деңгейіне қарай – жеке пәндік. 3. Ұйымдастыру формасына қарай – сыныптық-сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту тәсілі. 4. Қарым-қатынас әдісіне қарай – тұлғаларға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие. 5. Басымдылық танытатын тәсіліне қарай – дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының он деңгейін зейін қоя отырып рет-ретімен жүйелі үйреніп, талдаудың түрлі амал-тәсілдерін саналы меңгерген оқушыны сапалы білімге жеткізеді.

1.2 Какие возможности получат учителя, использующие данный методический маршрут:
«Сатылай кешенді талдау» технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйласты, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа оқиды деп бөлмей, тек материалды өте жылдым, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейлге икемдеп, барлық баланың дамуы қолайлы жағдай туғызуды мақсат етеді. Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы тілдік материалдарды меңгертудің ерекшелігі – оқушылар түсіндірген материалдарды толық түсініп, жүйелі меңгереді, шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді.Қазақ тілі сабағында "Сатылай кешенді талдау" технологиясын пайдалану мақсаты: Қазақ тілі материалдарын «Сатылай кешенді талдау» технологиясы арқылы меңгерту, оқушылардың білімділігін, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру. Талдау жүргізу барысында бір-бірінің жіберген қателерін шығарып, әр сөзді сауатты, көркем жазуға үйрету.

1.3 Какие возможности этот маршрут открывает для обучающихся:
Оқушы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының алғашқы деңгейі бойынша теориялық материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау жүргізуге бейімделеді. Негізінен деңгейлердің басым бөлігі талдау арқылы жүзеге асады. Сатылай кешенді оқыту технологиясының мақсаты – қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға тәрбиелеу. Әр пәннің мазмұнын ғылыми негізде меңгертіп, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін жан-жақты түсіндіре отырып, сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

1.4 Какие приемы и методики используются в маршруте:
Фонетикалық сатылай кешенді талдау- Қазақ 1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай- жуан буынды сөз.Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар. 2.Бұл сөз: қа- зақ болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Қа буыны –ашық буын.Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.зақ буыны- бітеу буын.Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр. 3.Бұл сөз Қа, зақ болып екі жағдайда тасымалданады.Себебі сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне тасымалданған. 4.Қазақ Толық жауап беріңіз 5. Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі бұл түбір сөз. 6. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ.Себебі бұл түбір сөз. 7. Бұл сөзде екпін а дауысты дыбысына түсіп тұр. Қазақ.

1.5 Как используемые вами приемы и методы связаны с учебным планом и планом урока:
Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау. Салт 1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: салт. 2. Тұлғасына карай- салт- негізгі түбір. 3. Құрылысына қарай- дара.Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр. 4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар. 5. Лексикалық мағынасы- жалпы ұғымға берілген атау. 6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы- лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына- зат есім. 6.2. Екінші грамматикалық мағынасы- атау септігінің нөлдік тұлғасы арқылы берілген категориялық- грамматикалық мағына- атауыштық мағына. 7. Салт- не? Деген сұраққа жауап береді.Ендеше, бұл- зат есім.Зат есім дегеніміз-кім? Не?кімдер?нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың,деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы. 8. Мағынасына қарай: а) жалпы есім.Себебі біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай атауы. Ә) Жансыз.Себебі тіршілік иесі емес. Б) Дерексіз.Себебі көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болмайтын дерексіз ұғым атауы. В) Нақты емес.Себебі дерексіз болған нәрсе нақты болмайды.

1.6 Форум для участников маршрута:
методические опоры


Раздел 2. Знания, необходимые для прохождения методического маршрута


2.1 Какие навыки потребуются учителю для прохождения методического маршрута и использования его в своей практике?
Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің мақсаты – оқытудың ұтымды жолдарын, амал-тәсілдерін іздеп, жаңа технологияларды дұрыс пайдаланып, сол арқылы жоғары деңгейлерге жету. Сатылай кешенді талдау технологиясы оқушылардың тіл мен әдебиет салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибеде терең талдап меңгере алатын, жете игермеген теориялық білімдерін талдау сызба негізінде меңгере алатын тиімді де ұтымды технология деп білеміз.

2.2 Дополнительные навыки преподавателя: совместная работа с коллегами:
«Сатылай кешенді талдау» технологиясы – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарымызды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білім белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі».


Раздел 3. Как маршрут будет интегрирован в образовательный процесс?


3.1 Как выбранная тема сочетается с учебным планом и планами отдельных уроков?
Әр тарауды аяқтағаннан кейін пысықтау сабақтарында қолдану; - Қолданбалы курс жүргізуде тиімді пайдалану; - ҰБТ - ға дайындаудың негізгі көзі; - Тіл, әдебиет сабақтарында оқушы білімін жүйелеп, нақты меңгертуге ұмтылу;

3.2 Какие шаги необходимо выполнить для достижения планируемых результатов обучения?
«Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және басқа да көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына көмектеседі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу- оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны»


Раздел 4. Ресурсы для реализации маршрута


4.1 Какие технические средства или ресурсы могут потребоваться?
Интерактивті тақта, компьютермен талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, әр оқушының жазу сауаттылығымен қатар ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында түрлі сөзжұмбақтар, танымдық, ұлттық ойын үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау технологиясының ерекшелігі - оқушылар түсіндірген материалды толық түсініп, жүйелі меңгереді, шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді.

4.2 Дополнительные ресурсы к методическому маршруту:
6-8 – сыныптарда фонетикалық талдау жасағанда дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру оқушылардың қызығушылығын оятады. Мысалы: Берілген сөз: кітаптар - дыбыс белгісі = +? - дауысты дыбыс белгісі - дауыссыз дыбыс белгісі Шешуі: 8 =3 +5 Дауысты дыбыстарды талдау 1) Тілдің қатысына қарай 2 (а, а) жуан 3 ---------------------------- 1 (і ) жіңішке 2) Жақтың қатысына қарай 2 (а, а) ашық 3 ---------------------------- 1 (і ) қысаң 3) Ерін мен езудің қатысына қарай 3 (а, а, і) езулік 3 ---------------------------- еріндік Дауыссыз дыбыстарды талдау 1) Үн мен салдырдың қатысына қарай 4 (к, т, т, п) қатаң 5 ---------------------------- 1 (р ) үнді

4.3 Скачать файл ресурсов - Скачать вложение


Раздел 5. Задания после прохождения методического маршрута

Задание
Скачать вложение


Комментарии


Oksana Mukhortova says: 27.04.2016

Спасибо. В ММ предложены конкретные приемы и приведены примеры.

Добавить комментарий