Модульдік оқыту технологиясы

Модульдік оқыту технологиясы


Общая информация


Ф.И.О. автора (ов) идеи маршрута:
Торина Гүлжахан Қуанышқызы

Место работы:
ГУ "Школа-лицей №2 отдела образования акимата города Костаная" учитель казахского языка и литературы

Email:
guljihan78@mail.ru

Класс:
7

Предмет:
Казахский язык

Тип ММ:
методический прием


Раздел 1. О методическом маршруте


1.1 Общая информация о методическом маршруте:
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”- деп тегін айтпаса керек. Қазіргі кезде көптеген ғалымдардың технологиялары оқыту үрдісіне енгізіліп, өз нәтижесін беруде. Соның бірі- М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы еліміздің мектептерінде қолдау тауып, кеңінен қолданылуда. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: жадының алуан түрлерін-есту, көру,қимыл және т.б.- ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін,өзін -өзі өзектілендіру, өзін -өзі бекіту қарым -қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы болып табылады.

1.2 Какие возможности получат учителя, использующие данный методический маршрут:
Аталмыш технология теориялық тұрғыда дәлелденіп,тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогтік мақсат-мүддесіне сай,өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,шығармашылық ізденісі,өз мамандығына сүйіспеншілігі мен алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді. Оқыту технологиясының бұл нұсқасының бір ерекшелігі – білімді меңгерту емес,оқушының өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы,жадының алуан түрлері (есту,көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға,өзін-өзі өзектендіруге,шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға,сөздік қорын (ауызша,жазбаша) дамытуға бағытталады.Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі.Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан,бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

1.3 Какие возможности этот маршрут открывает для обучающихся:
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын таңдау,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай құрылған.Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында,кейіннен алынған білімді талдау,жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4 - сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі (I, II және III деңгейлер) I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне - интелектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезек-кезегімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақта болмаса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі.

1.4 Какие приемы и методики используются в маршруте:
III деңгей – білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар, II деңгей -стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану және талдау деңгеййіндегі тапсырмалар, I деңгей – шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар.

1.5 Как используемые вами приемы и методы связаны с учебным планом и планом урока:
Сабақ барысында кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі –мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. I деңгей 1. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу ,төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту. Қазақ тілі Күш кеміді, айбынды ту құлады; Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім! (М.Жұмабаев) II деңгей 1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып,өлеңнің негізгі идеясын ашу. 2.Мына сөздерді сөз құрамына талда. Бесікте,тілің,тілмен,ақылы,айтылады. /түбір,I-II- жақ,жекеше,көпше т.б/ 3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз. Қазақ елінің рәміздеріне ...... жатады а/ Байрақ, жалау, жалауша ә/ Таңба, белгі, мөр б/ Ту, елтаңба, әнұран 2. Қазақ елі туының түсі ..... а/ қызыл ә/ сары б/ көк 3. Зеңгір көк ..... белгісі а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның ә/ қуаныштың, жеңістің б/ жамандықтың, бейбітшіліктің 4. Күнге табыну ...... дүниеге келген а/ батыста ә/ солтүстікте б/ шығыста 5. Күн бейнесі ...... белгісі а/ татулықтың ә/ байлық пен берекенің б/ достықтың III деңгей 1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт. 2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр. Туған тілім,тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.

1.6 Форум для участников маршрута:
методические опоры


Раздел 2. Знания, необходимые для прохождения методического маршрута


2.1 Какие навыки потребуются учителю для прохождения методического маршрута и использования его в своей практике?
Қазіргі таңда әр мұғалімнің алдында тұрған мақсат – өз сабақтарында жаңа технологияларды енгзіу, оларды сабақтарында дұрыс пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өз беттерінше игеруге, орынды қолдануға үйреті.

2.2 Дополнительные навыки преподавателя: совместная работа с коллегами:
М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.


Раздел 3. Как маршрут будет интегрирован в образовательный процесс?


3.1 Как выбранная тема сочетается с учебным планом и планами отдельных уроков?
Әр модулді өткеннен соң пысықтау; ОЖСБ мен ҰБТ – ге дайындаудың тиімді жолы;

3.2 Какие шаги необходимо выполнить для достижения планируемых результатов обучения?
Қазіргі кезде неліктен білім технологиясы жайлы көп айтылуда? Жаңа заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлудің себебі неде? Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің тууы. Екіншіден, оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру. Ең соңында технологияны жобалау - оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып, білімге қызығушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру, әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт. Бұл жетістіктерге тәжірибе алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту- бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.


Раздел 4. Ресурсы для реализации маршрута


4.1 Какие технические средства или ресурсы могут потребоваться?
Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді.Сонымен қатар интерактивтік тақтада ертегілерді көрініс ретінде, ролдік ойындарды өткізуге болады.

4.2 Дополнительные ресурсы к методическому маршруту:
І деңгей 1. Туынды түбір деген не? 2. Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып жаз. Аспан көк, жомарт, астан- кестен, жүз екі, тасбақа. 3. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Тоғызқұмалақ , қолма- қол, см, қырық тоғыз. 4. Дара мен күрделі сөздерді салыстыр. ІІ деңгей 1. Берілген қос сөздерді пайдаланып, сөз тіркесін жаса. Дабыр- дүбір, көші- қон, азды- көпті, оқу- тәрбие. 2. Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесі мен сөйлем құра. Колхоз, км, ҚарМУ. 3. Қос сөздерді кіріктіріп, мәтін құра. ІІІ деңгей «Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбына шығарма жаз.

4.3 Скачать файл ресурсов -


Раздел 5. Задания после прохождения методического маршрута

Задание
3-деңгей 1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: учебник, ученик, звонок, перемена, резинка; 2.Берілген сөздерді септе: кітап, дәптер, ауыл. 3.10 сөйлем құрастыр. 2-деңгей 1.Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар: дома, дома, стена, пол, крыша, потолок, высокий, этаж, квартира, комната. 2.Тәуелденген сөздерді септе: Үйім, бөлмең, қабырғасы. 3.10 сөйлем құрастырып, алғашқы 4 сөйлемге синтаксистік талдау жаса. 1-деңгей 1.5 мақал-мәтелді жатқа жаз. 2.« Менің Қазақстаным» [ ШЫҒАРМА 25 СӨЙЛЕМНЕН КЕМ БОЛМАСЫН ]


Комментарии


Oksana Mukhortova says: 28.03.2016

Уверена, что учителям необходимо ознакомиться с ММ

Добавить комментарий