Директордың сәлемдемесі

Ешқашан да тозбайтын, уақыт

өте келе тек өсіп, көбейетін бір

 байлық бар.Ол байлық — білім.

Бұл байлықтың бастау алар көзі — мектеп.

Н.А.Назарбаев

 

Қымбатты достар!

 

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

         Біздің сайт — бұл электрондық портал. Сіздер сайтымыз арқылы болып жатқан жаңалықтар жөнінде ақпарат аласыз, жұмысыңызды  жоспарлай аласыз, кеңестер мен ұсыныстар аласыз, мектеп-лицейіміздің маңызды шараларына қатыса аласыз.

Біздің мектеп-лицейіміздің тарихы өте бай. Тарихымыздан мектебіміздің заманауи білім берудің жоғары стандарттарына сәйкес келуге әрдайым тырысып келетінімізді көруге болады.

Бүгінгі таңда мектеп-лицейіміздің 2014-2020 жылдарға стратегиялық даму бағдарламасы бар. Бұл бағдарламада білім беру мазмұнын жаңарту және оқытудың тәрбиелік компонентін нығайту бойынша нақты бағыттары белгіленген.

Тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және оның инновациялық қызметке мақсаттылығы — №2  мектеп-лицейіміздің дәстүріне айналған. Мектеп оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың үйірме, студия және секцияларға қатысулары сабақта алған білімдері мен дағдыларын бекіту мен дамытуға мүмкіндік береді.  Біздің міндетіміз: оқыта отырып тәрбилеу, тәрбиелеп отырып оқыту.

Біздің сайтымыз Сіз үшін барлық қажетті ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.

Біз әрқашан Сізбен біргеміз. Біздің сайтымыздың тұрақты қонақтарына біз әрдайым қуаныштымыз.

Сайтымыздың  ашылуымен біздің жаңа достарымыз пайда болатынына сенімдіміз. Ал сіз оқу үрдісі, оның ұйымдастырушылары мен нәтижелері туралы ақпарат ала аласыз.

 

Құрметпен,

№ 2 мектеп-лицейінің директоры

Дандыбаева Гүлфия Төлегенқызы