Бектемирова Ария-Қостанай қ. №2 мектеп-лицейінің 1 «А» сынып оқушысы

Бектемирова Ария-Қостанай қ. №2 мектеп-лицейінің 1 «А» сынып оқушысы

Ария-оқу озаты , Халықаралық сән көрсетілімдерінің кәсіби аккредитацияланған моделі, фотомодель, Республикалық және Халықаралық сұлулық байқауларында: LittleMissKazakhstan, MiniPrincessofKazakhstan, MissEurasia, MissFashionHouseInternationalGrandprix, MiniQueenGrandPrix (Мини Королева) титулдары бар. Ария жердің ең әдемі балаларының қатарына кіреді, «TheBestKids», «FashionKids», «LookBook», «FoxKidsMagazine», «Звездные детки», «NinsModa»ресейлік және шетелдік журналдардың жылтыр мұқабаларында басылады.

Ария Қазақстанның дарынды және талантты балалардың «Жас Дарын»Республикалық жинағына енді. 2019 жылдың мамыр айында Түркияда халықаралық сұлулық, сән және талант байқауы өтті. Барлығы 50-ге жуық адам қатысты: Польша, Финляндия, Латвия, Оңтүстік Африка, Моңғолия, Сербия, Украина, Ресей, Қазақстан, Израиль, Черногория, Португалия.

Байқауға ұлттық костюм, кешкі киім, ертегі немесе тарихи костюм, шығармашылық нөмір және бейнетүсірілімді ұсыну қажет болды.

Ария өзінің жас санатында 1 орын алып, «Әлем аруы» және «әлемдік Сұлулық және сән лигасының құрметті мүшесі», сондай-ақ «Әлемдік лиганың Симпатия аруы», Әлем аруы медалі, сертификат, диплом және тәж алды.

    

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий