Лауазымды тұлғаларға арналған балаларға жасалған зорлық-зомбылық фактілерін анықтау барысындағы іс-қимылдар туралы ұсынымдар

Лауазымды тұлғаларға арналған балаларға жасалған зорлық-зомбылық фактілерін анықтау барысындағы іс-қимылдар туралы ұсынымдар

Бала мен отбасымен жұмыс істеудің әр сатысында күттірмейтін іс-қимылдардың қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұл іс-әрекеттердің мақсаты баланың қауіпсіздігін тез арада қамтамасыз ету қажет.

Зорлық-зомбылық фактісі туралы күдіктенуге негіздеме:

  • баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын не болмаса баланың қатігез-қарым-қатынастың құрбаны болғанын көрсететін ерекше белгілер (әрбір белгі, кесу, күйік, көгерген жер, энурез, ауру, ескірген және тозығы жеткен киім, зақым, жарақат, болуы мүмкін зорлық-зомбылыққа байланысты мінез-құлықтағы өзгерістер);
  • балаға қатысты зорлық-зомбылықтың жасалғанына куә болған немесе хабардар болған тұлғадан өтініш;
  • белгілер, зақым немесе қиянат туралы айғақтайтын мінез-құлық немесе мазасыздануға себеп болатын дәлелдер;
  • баланың тарапынан балаға қатысты жасалған зорлық-зомбылық: баланың басқа балаға қатігез қарым-қатынасы не болмаса өзі басқа баланың тарапынан қиянатшылық құрбаны болады.

Егер бала өмір мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайда болса полиция шақыру қажет (102-ге қоңырау шалу керек).

Егер балаға медициналық көмек қажет болса, жедел жәрдем (103-ке қоңырау шалу) шақыру керек немесе баламен жақын жердегі ауруханаға бару ләзім, одан әрі құқық қорғау органдары мен қамқоршылық пен қорғаншылық органдарына хабарлау қажет.

Статья полностью

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий